"Қазақ тілінде жауап беру – мәдениеттің көрінісі емес": Полиция Мухоряповтың сөзіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр
Алматы полиция департаменті кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан сөзін тексеріп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шындалиевтің сөзінше, полицияда тиісті сараптамалар тағайындалған.
"Қазір, менің білуімше, Алматы полиция департаменті тарапынан тексеріс жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесіне қарай құқықтық баға беріледі", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесуде айтқан сөзі қызу талқыға түсті. Кездесу барысында компания басшысы шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру “мәдениеттің көрінісі емес” екенін айтқан. Алайда кейін жазба жариялап, азаматтардың дұрыс түсінбей қалғанын мәлімдеді.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған