Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызының терезеден секіріп кетуіне Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы кінәлі болуы мүмкін

Мәскеудегі жоғары оқу орындарының бірінде терезеден құлап кеткен Томирис Байсафының ісіне қатысты жаңа күдікті пайда болуы мүмкін. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, бұл Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының 22 жастағы ұлы. Алдын ала болжам бойынша ол қайғылы оқиға орын алған кезде қазақ қызымен бір аудиторияда болған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Терезеден секіріп кеткен Томирис Байсафының ісіне Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы кінәлі болуы мүмкін

Шынымен де, Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлын қайғылы оқиғаға қатысты тергеуге алғаны белгілі болды. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, дәл осы жігіт студент қызды суицидке итермелеуі мүмкін.

Сол уақытта жігіт пен қыз бір-біріне дауыс көтеріп сөйлеп жатқан екен. Осыдан кейін қазақстандық студент терезеден секіріп немесе құлап кеткен. Бұл іске қатысты ресейлік тергеушілер ешқандай ресми нұсқалар жарияламады. Бірақ Томирис Байсафының өзіне қол жұмсады дегенге бойжеткеннің жақындары сенбейді.

«Мен Томиристі және оның анасын бұрыннан бері танимын. Бұның суицид емес екеніне толық сенімдімін. Оны өзіне қол жұмсады деу барып тұрған ақылсыздық! Олар жақын қарым-қатынаста болған. Ол жігіт  ұзақ уақыт бойы оған қамқорлық жасап жүрді. Ал, оқуды жақсы оқитын, бітіру кешіне көйлек алып қойып, магистратураға түсемін деп дайындалып жүрген қыз өзін терезеден тастай салмайды. Томирис мұндай қадамға баратындай, ешқандай күйзеліске ұшыраған жоқ»,-дейді Томирис Байсафының анасының құрбысы Әйгерім Әшімова.

Оқыс оқиға жұма күні Мәскеудегі ең беделді университеттердің бірінде болды. 21 жастағы қазақ қызы үлкен үзілісте төртінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды. Бойжеткеннің қолы, жамбас сүйегі мен қабырғалары сынып ауруханаға жеткізілді. Онда қазақ қызына төрт ота жасалып, бүйрегін алып тастады. Томиристің өкпесіне зақым келіп, өздінен дем ала алмайды. Қазір дәрігерлер қыздың өкпесін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ол әлі де жансақтау бөлімінде.

«Томиристің жағдайы әлі ауыр. Кеше оған ота жасалғандықтан, бүгінде қан керек. Өкінішке орай, қанды тек Ресей азаматтары ғана бере алады. Оның қан тобы бірінші топқа жатады, бірақ оған кез-келген қан қажет»,-дейді Томирис Байсафының анасының құрбысы Әйгерім Әшімова.

Оқыс оқиғадан кейін тергеу органдары бірден қылмыстық іс қозғады. Қазақ қызы терезеден секіріп кеткенде, сол уақытта аудиторияда болған Мұртұзәлі Меджидовтен жауап алынған. Бірақ бұл істе оның куәгер немесе күдікті екені әлі белгісіз.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте 188 адамды кімнің улағаны белгілі болды

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады

СІМ ресейлік тележурналистің Қазақстан жайлы пікіріне түсініктеме берді

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Талқылау