Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 188 адамды кімнің улағаны белгілі болды

Шымкентте екі жүзге тарта тұрғынға балмұздақ сатып, індет таратқан осы тағамды дайындаушылардың өздері болып шықты. Сонымен қатар, оны тасымалдап сатушылардан да стафилококк пен сальмонелла табылған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Шымкентте 188 адамды кімнің  уландырғаны белгілі болды

«2 отбасы мүшелері жаңағы балмұздақ қоспасын дайындау барысында жәрдем берген. Сол екеуінен стафилококк ауруы анықталды. 2 киоск қызметкерінен сальмонелла анықталды. Және бір қызметкерден киосктағы стафилаккок ауруы анықталды»,-дейді ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Бір апта ішінде балмұздақ жеп, іштері өткен 188 науқастың барлығы қазір ауруханадан шығарылған. Олардың 31-нен салмонелла табылса, тағы 13-і стафилококк індетін жұқтырған екен. Еске салсақ, шымкенттіктер наурыздың соңында қаланың орталығындағы бұрыннан жұртқа дәмді балмұздағымен мәлім «Южное» дәмханасынан тәтті  жеп, жаппай ауруханаға түсе бастаған болатын. Осыдан кейін ғана сауда нүктесін тексерген санэпидемиологтар бүкіл тамақ дайындау және әзірлеу ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтаған еді. Енді өздері ауру бола тұра, жұртқа жаппай қауіпті асты сатқандардың кәсібі біржола тоқтатылды. Қазір олардың ісін сот қарап жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады

СІМ ресейлік тележурналистің Қазақстан жайлы пікіріне түсініктеме берді

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Ақмола облысында прокурор автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін іліп алып, көлік басқарған

Талқылау