Қаза тапқандар бар: Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Facebook.com/Бауыржан Аленов
Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған автобустың екінші жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Бүгін, 30 мамырда "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында рейстік автобуспен жол-көлік оқиғасы болды. Өңір полициясы барлық жүргізушіні белгіленген жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады”, – деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.