Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрекең кеткелі жаңартпадым": Ләйлә Сұлтанқызы Швейцариядан әкелген бренд ыдыстарын көрсетті

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы үйіне керек заттарды шетелден алдыратынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Журналистің айтуынша, марқұм жолдасы үйдегі ыдыс-аяқтың әдемілігіне қатты мән берген. 

“Қайрекеңнің көзі тірісінде үйден қонақ арылмайтын. Қазір сирегені өтірік емес. Сонда да, аптасына 1-2 рет ет асып, балаларды танитын, өзіміз жақын араласатын туған-туыстарды ғана шақырып тұрамыз. Әкесінің ұлдарға үйреткені, көрсеткені қазір әдет болып қалған. Есік ашып, қонақтың киімін алып, қолға су құйып, әңгімесін тыңдап, үйлеріне қайтқанша асты-үстіне түседі екеуі де. Жалпы отағасынан үйренгеніміз көп. Үстелге көкөністерді турамай қою, тәтті мен ыстық тамақты араластырмау…. "Кісі келгенде бірден алдына ет қойыңдар, қарны ашып келеді. Салатты да, басқасын да жеп үлгереді" дейтін. Қазір бәрі автоматты түрде орындалады”, – деп бастады әңгімесін журналист. 



Сонымен қатар марқұм күйеуі сынған ыдыс-аяқты қолдануға тыйым салған көрінеді. 
“Жолдасым ыдыс-аяққа да аса қатты назар аударды. Әдемілігі, сапасы, тұрғаны, стакан, қасық-вилканың тазалығына дейін жеті қадағалап отыратын. Басқадан ақша үнемдесе де, үйдегі (шеті ұшып кеткен, суреті өшкен, ескірген) ыдысты жиі жаңартатын едік.
Қайрекең кеткелі жаңартпаппын. Осы жолы үйде бір көктемнің лебі есіп тұрсын, көңіл-күй сыйласын деп Швейцариядан ыдыс-аяқ жиынтығын алдым”, – деп жазды медиа маманы. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасының ауылына салып берген балабақшасын көрсеткенін жазған едік. 

 

Талқылау