Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың отбасын бұзба": Ерке Есмахан өзін айыптаған елге жауап берді

"Қайраттың отбасын бұзба!" Әріптесімен түскен суретін көрген көпшілік Ерке Есмаханды өзгенің отбасын бұзды деп айыптай жөнелді. Оған себеп дәл Жұлдыздың туған күнінде Қайрат Нұртас жұбайымен емес, Еркемен түскен суретін жариялады. Есмахан көпшіліктің сынына жауап берді. Ол Қайраттың отбасында болып жатқан жағдайға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Айналайындар-ау, Қайрат пен Жұлдыздың жанұясында шаруам жоқ! Екеуі бақытты болсын, бала-шағасының қызығын көрсін. Жұлдыздың туған күні құтты болсын. 

Ал болып жатқан сынақтарына менің еш қатысым жоқ екеніне куә бір Алла! Куә Нұртас әулеті, Жұлдыз және Қайрат. Ал кейбір өсек қуғандар өздеріңіздің лас, пасық ойларыңызды маған тықпаңыздар. Не десеңіздер де, мен одан жаман болып кетпеймін. Сіздердің әр айтылған сөздеріңіз өздеріңізге айналып келеді. Бірақ мен барлықтарыңызды кешірдім, жақсы көрем. Алла сана берсін", - деп жазды Ерке желідегі парақшасында.



Сонымен қатар, әнші өзін Қайратпен не байланыстыратынын түсіндірді.

"Біліп жүріңіздер, Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауырмыз. Гүлзира әпкемен құрбымыз. Ал қуаныштарынан қалмай, суретке түссем, өз қалауым, сыйластығым. Адам күні адаммен деген сөзді ұмытпайық. Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді маған", - деп түйіндеді сөзін ол.

         

Талқылау