Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат пен Димаш бірдей музыкалық жүлдеге ие болды (видео)

Елордада халықаралық “Астана дауысы” фестивалі өтіп, қазақтың қос бірдей дарынды ұлы – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас жүлдегер атанды, деп жазады Stan.kz.

кайрат пен димаш 290917

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен фестивальде қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Олардың арасынан Қайрат пен Димаш оза шапты.

Опера әншісі, Майра Мұхамедқызының айтуынша, фестивальде өнер көрсеткен өзге әншілер ел арасында аса танымал емес. Бұл жағдай бұлбұл әншіні таңғалдырса керек-ті. Ол фестиваль туралы пікірімен желідегі парақшасында бөлісті.

“Сүйінші! Қос жұлдыз марапатталды! Құтты болсын! Бүгін “Астана Даусы” Халықаралық Фестиваль” деген жаңа музыкалық фестивалінің тусаукесері болды. Көрермен дауыс берген эстрады жұлдыздарын марапаттау кешіне құрметтеп мені де шақырды. Қазақстанның намысын қорғаған біздің қос жұлдызымыз Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген марапатталды. Қайрат Нұртас кеште әдемі әнімен сәні жарасқан бірінші болып фестивальдің пердесін ашты. Димаштың да еңбегі ескерілді. Міне біздің жұлдыздарымыз, талантты жастарымыз ел үмітін ақтап жүрген! Ал, мен болсам Светлана Лобода деген әншіні марапаттадым. Бұл әншіні өмірімде естіп көрмеппін. Кейбіреулер “Не деген бақыттысыз Майра! Лободаны марапаттайсыз ғой!” дегенде таң қалдым. Бұл бақытты қайдам. Бүгінгі кеште осы екі қазақ баласынан басқасын танысам бұйырмасын. Мәдениет танытып ерте кетіп қалмай біраз отырдым. Бірақ, даңғырлаған музыка, жарық, неше түрлі от шашу, түтіннен қақалып, қатты шыққан дыбыстан жүрегім қоса дүрсілдеп, өзіме ие бола алмай қала жаздадым. Ерте кетіп қалу керек еді деп өзімді кінәлап, Операм мың есе артық екен ғой деген оймен шаршап шалдығып үйге қайттым”, – дейді Майра Мұхамедқызы.

Жеңіс құтты болсын құлыным👍✊️😍😘

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Мен үшін бүгінгі күн ерекше. Өйткені бүгін “Астана дауысы” фестивалiнің жүлдегері атандым. Бұл менің кәсіби сахнадағы еңбегім үшін Қазақ елінде алған жүлдем))) Барша тыңдармандарыма, ұйымдастырушыларға, PR менеджерiм, ресми менеджерім, жан досым-сары досым @asharimov ))) жане Sound producer менің байқаулардағы әндерімнің өндеушісі @erlanbekchurin ағама, досыма үлкен рахмет. Бұл бәріміздің жеңісіміз деп білемін. Сіздерді қатты жақсы көремін. #DQ #dimash #dearsdimash #thesingerdimash #bestfriend #brother #DimashTeam

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайда “Ең үздік шетелдік өнер адамы” атағын иеленді (видео)

Танымал әнші Қостанай әуежайында есінен танып қалды

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті (фото)

Қайрат Нұртас өзі киіп үлгермеген костюмін жанкүйеріне бере салды (видео)

Талқылау