Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытайда “Ең үздік шетелдік өнер адамы” атағын иеленді (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Қытайда Fresh Asia music Festival байқауында “Ең үздік шетелдік өнер адамы” атағын иеленді.

5445

“Азияның жаңа әндері” рейтингіне Димаштың “Қоңыр күз”, “Uptown Funk”, “Adagio”, “SOS d’unterrien en détresse”, “Ұмытылмас күн”, “All By Myself”, “Дайдидау” әндері кірген.

Бұған дейін Димаш “Азияның ең танымал әншісі”, “Халықаралық деңгейдегі ең атақты әнші”, “Жылдың үздік әншісі”, “Ең үздік шетелдік әнші” сынды атақтарды қанжығасына байлаған болатын.

“Ассалаумағалейкүм құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға шын жүректен үлкен алғыс білдіргім келеді. Осынау “Азияның жаңа әндері” атты үлкен тамаша фестивалде жеңімпаз атану бір арманыма үлкен қадам басқаным болып табылады. Музыкада тіл жоқ, соны сіздер дәлелдедіңіздер. Алдағы уақытта Қытайда жеке концерттерім болады, сонда сіздерді күтемін”, – деді Димаш сахнада.

Оқи отырыңыз:

Абай Бегей 105 жастағы әжейдің батасын жариялап, елді сүйсіндірді (видео)

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

“91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)

Марат Омаровтың екінші әйелі отбасында бақытты болудың сырын ашты

Талқылау