Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

Осыдан тура бір ай бұрын Абай Бегей өнердегі інісі Ернар Айдардың үйленгелі жатқанын хабарлаған еді. Базбіреулер Абайдың қалжыңдағанын айтып, елді шулатқан бұл жаңалықты «әзіл» деп жылы жапты. Алайда Stan.kz тілшісі Ернардың қалыңдығын ұзатып алып, үлкен тойға дайындалып жатқанын анықтады. Бірақ әншінің өзі кей әріптестері секілді жеке өмірін құпияда ұстағысы келетін сыңайлы.

20759274_191444844727506_4602125056154271744_n

Сұхбат алу мақсатында бірқатар әншілерге хабарласқан тілші өнер иелерінің жаппай Таразда жүргенін анықтады. Барлығының басын қосқан қандай себеп екенін сұрағанымызда, Жамбыл өңіріне Ернар Айдардың тойына бола барғандарын айтып қалды. Айтуларынша, үлкен той 28 тамызда Тараз қаласында тойланады екен.

Бұл ретте мәселенің мән жайын анықтау үшін Ернардың әкімшісі Әйгерімге хабарластық. Алайда ол әншінің отбасын құрғанын жоққа шығарды. Соған қарағанда, Ернар Айдар да өнердегі өзге әріптестері секілді жеке өмірін халықтан жасырып қалғысы келеді яки тойдан кейін бір-ақ жариялайтын ойы болуы да мүмкін. Себебі бұған дейін отандық музыкалық арналардың біріне берген сұхбатында Ернардың ағасы әрі продюсері жақын арада әншінің жеке өміріне қатысты бар құпияның ашылатынын айтқан болатын.

Ал Ернардың таңдаған жарына қатысты ақпарат мүлдем жоқ.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

 “91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)

Продюсер Алтынбек Рахметов қызын ұзатты (фото)

Марат Омаровтың екінші әйелі отбасында бақытты болудың сырын ашты

Әнші Заттыбек ауылдастарна Намазхана салып берді

Талқылау