Қайрат Нұртастың інісі қалыңдығын ұзатып алды
Гүлзира және Нұртас Айдарбековтердің шаңырағына келін түсті. Үйдің кенжесі Заңғар Нұртас кеше қалыңдығын ұзатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұзату той барлық салт-дәстүрге сай өтті. Алдымен қыздың ата-анасының алдынан өткен Айдарбековтер Жібек есімді аруға сырға салып, құда түсті. Артынша "құдалық" тойын тойлады.
Ал үшінші күні кенже келінді ұзатып алды. Айдарбековтер жанұясының мүшелері мен той қонақтары әлеуметтік желіде тойдың кадрларын жариялады.
Онда ұзату тойға қазақстандық жұлдыздардың қатысқанын байқауға болады. Қызды ортаға Жазира Байырбекова алып шығып, той соңында ұзатып, шығарып салды. Сондай-ақ Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Мирас пен Құралай сынды өнер жұлдыздары бұл тойға Айдарбековтерді қолдап келді.
Ал Қайрат Нұртас тойға жалғыз келді. Жұбайы Жұлдыз бұл күнді өз үйінде өткізді. Бұл күні Қайрат пен Жұлдыздың үшінші перзенті Нарұлдың 11 жасқа толғанын айта кетейік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады