Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)
“Феномен” әншіге айналған Қайрат Нұртас жеке өмірін жасыруға қанша тырысып баққанымен, желіде оның жары Жұлдызбен түскен суреттері тарап үлгерген. Алайда олардың басым бөлігі 10 жылға жуық уақыт бұрын түсірілгендіктен, көпшілік оның үйлі-баранды екеніне күмәнмен қарайды.
Фото: Суреттер Жұлдыз Абдукаримованың Вконтакте желісіндегі парақшасынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өзі әнші болмаса да, ел Қайраттың жары деп санайтын Жұлдыз желіде өте танымал. Әсіресе, Вконтакте желісінде Жұлдыз Абдукаримованың атынан ашылған парақшалар көп. Олардың қайсысының шын мәнінде Жұлдызға тиесілі екені белгісіз.
Жуырда Жұлдыздың парақшаларының бірінде Қайрат Нұртастың сирек кездесетін отбасылық суреттері жария болды.
Қайрат Нұртас отбасын халықтан жасырғанымен, әріптестерінен жасырмайтын көрінеді.
Актриса Салтанат Бақаева Жұлдыз Абдукаримованың жақын құрбысына айналған.
БАҚ беттерінде жүрген кейбір деректерде Қайрат пен Жұлдыздың 4 баласы, ал енді бірінде 3 баласы бар делінген. Қайраттың өзі бір сұхбатында 11 адамды асырап отырғанын айтқан еді.
Фото: Суреттер Жұлдыз Абдукаримованың Вконтакте желісіндегі парақшасынан алынды
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды
Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы
Асхат Тарғын келіншегін дұрыс танымайтын болып шықты
Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын
Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)