Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жүргізуші қызды қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған (видео)

Астана жүргізуші қыз
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанада көлік жүргізушісінің қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеоның астында оқиғаның 28 қыркүйек күні сағат 11:26-да Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы, 21 мекенжайында болғаны көрсетілген.

"Адамды қағып, әрі қарай жүріп кеткен", – делінген видео сипаттамасында.

Полиция көлік жүргізушісін ұстаған. ҚазірJetour T2 автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданады.

Бұған дейін Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткені туралы жазған едік. Әйелдің айтуынша, жол апатынан кейін денсаулығына зақым келіп, жүктілігіне байланысты асқынулар туындаған. Алайда екі апта өтсе де, сот-медициналық сараптама жүргізілмеген.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026 12:35