Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын келіншегін дұрыс танымайтын болып шықты

Асхат Тарғын өзінің сүйіктісі туралы айтып берді. Әнші оның қай салада білім алғанын әлі күнге дейін сұрамаған екен.

17881383_262856144123753_3170519749528387584_n

Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Жуырда Асхат Тарғынов екінші рет шаңырақ көтерді. Өзінен он үш жас кіші қызға үйленген әнші 500 адамға арнап той жасады. Аталған тойға ол 9 млн ақша жұмсаған. Жас келіннің бетін Өмірқұл Айниязов ашты. Ал әншінің өзі сүйіктісін толық танымайтын болып шықты. Себебі, ол жұбайының қай саланың маманы екенін білмейді.

«Халықтың батасын алып отырған соң үй болудың үлкен жауапкершілік екенін сезіндім. Берілген батаға сай болуымыз керек. Жұбайым өнер адамы емес. Бірақ менің өнерімді түсінеді деген ойдамын. Шыны керек, оның қай саланың маманы екенін ұмытып қалдым. ЖОО-ны былтыр ғана бітірген болатын. Ол – бірнеше жылдың, бірнеше қыздың арасынан табылған қыз», – дейді Асхат Тарғын.

Әншінің тойына өзімен жаға ұстасқан асаба да келген екен. Көпшілік осыған дейін болған төбелесті қара пиарға балады. Десе де, мұны асабаның өзі мойындамады. «Асхат өзіміздің досымыз. Екеуіміз татуластық. Ағаларымыз да «Төбелесіп алып тойға келдің бе» деп қалжыңдап жатыр», – дейді асаба.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы туралы айтты

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Талқылау