Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Меруерт Түсіпбаева ана ретінде ҰБТ сынағында ұшырасатын келеңсіз сұрақтар үшін алаңдайды. Ол жауапты адамдар тестілеу сұрақтарына жіті көңіл бөлсе дейді.

tusipbaeva 250417

«Ана ретінде, мемлекетіміздің азаматы ретінде мені қатты мазалайды. Кейде ҰБТ-да келеңсіз сұрақтар бар деп естимін. 7-ғасырда өмір сүрген динозаврдың қабырғасында неше бұғана болды деген сияқты… Бола ма енді осылай?» – деп наразылық білдірді әнші 7-арнаның «Гу-гу-гәп» бағдарламасына берген сұхбатында.

Түсіпбаева мектеп бітірушілерден бөлек, әр салада қызмет ететін мамандар жайын сөз етті. Елімізде әртүрлі мамандық иелері өз кәсібін қаншалықты шебер меңгергенін көрсету үшін сыннан өтеді.

Бұл ретте Меруерт Түсіпбаева әншілерді де сынақтан өткізу қажет деп санайды. Оның айтуынша, аттестациядан өткен жағдайда елімізде білікті де білімді әртістер көбейеді.

«Емтихан тапсыру керек. Өйткені біз босаңсып кеттік қой. Бізде МАИ қызметкерлерін аттестация кезінде көрсең азып-тозып, ал басқа кезде доп-домалақ болып жүреді.

Сол үшін аттестация әншілерге де керек деп ойлаймын. Арықтасын, ән айтсын, би билесін, актерлік шеберлігін шыңдасын, сахна тілі, интеллект бар… Кейбір біздің әншілер субдоминанта, доминанта, тоника дегеннің не екенін білмейді», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Иманбаева тілді шұбарлап сөйлейтін өнер иелерін мәдениетті болуға шақырды

Анасы: Димаш Америкада қалмайды. Ол тек қазақ үшін еңбектенеді

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі ұятсыз бейнебаянға түсті

Өзіне пластикалық ота жасатқан қазақстандық блогер жұртты шулатты (фото, видео)

Талқылау