Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды
Белгілі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Астана қалалық сотының сайтында жазылды.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Еске салайық, Қайрат Боранбаев 2022 жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар