Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды. Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боранбаев

“17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады”, – деп жазды Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Ал, қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

“Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 17 наурызда сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр”,  деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жарияланбайды, деп түсіндірді департаментте.

Бұған дейін желіде Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Талқылау