AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен бизнес-патшалығының басшысына дейін: Қайрат Боранбаев туралы не белгілі

Қайрат Боранбаев – Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі, ірі кәсіпорындардың иесі. Сонымен қатар Боранбаев Дариға Назарбаеваның құдасы болған. Оның қызы Алима Боранбаева – Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевтың жары. Кәсіпкер Қайрат БАҚ беттерінде тек 2013 жылы, Дариға Назарбаеваның құдасы атанған соң ғана жиі көріне бастады. Жақында Боранбаев квазимемлекеттік компания басшысы қызметін атқарған уақытта ақша ұрлады деген күдікпен тұтқындалған болатын. Қайрат Боранбаев деген кім? 

Боранбаев

Қайрат Боранбаев бизнестің әр саласында жұмыс істейтін компанияларға иелік етеді. Олардың қатарында,мұнай және фармацевтика саласы, фитнес-клубтардан бастап Қазақстандағы McDonald’s франчайзингі де бар. Сонымен қатар ол 2016 жылы Ресейдің 13 аймағындағы McDonald’s мейрамханаларын сатып алған.

2021 жылдың қарашасындағы Forbes журналының мәліметі бойынша, Боранбаев Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің қатарында 14-орынды иеленген. Оның жағдайы, шамамен, 590 000 000 доллар.  

Жеке өмірі

Қайрат Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте бұрынғы Торғай облысында туылған. 1989 жылы Дене шынықтыру институтын аяқтап, бірнеше жыл Торғай облысындағы спорт мектебінде, кейін Алматы қаласында мұғалім болып қызмет етті. 1999 жылы "Жас спортшылар бойында жылдамдық қасиетін дамытудың педагогикалық әдістері мен құралдары" тақырыбында кандидаттық диссетациясын қорғады. 

2000 жылы Боранбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде заңгер дипломын алды. Бұл кезде ол өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген еді. 

Мұғалімдіктен бизнес әлеміне

Қайрат Боранбаевтың кәсіпкерлікке қалай келгені туралы нақты ақпарат жоқ. Ашық дереккөздерде оның 2000 жылы "ҚазТрансГаз" компаниясының атқарушы директоры қызметіне сайланғаны көрсетілген. Екі жылдан кейін Intergas Central Asia коммпаниясының коммерциялық директоры, тағы екі жылдан кейін, 2004 жылы "ҚазТрансГаз" бас директорының орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылдан бастап Боранбаев "ҚазРосГаздың" бас директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ аталмыш коммпания “Қайрат” футбол клубына демеушілік жасаған. 

Әртараптандырылған кәсібі

Айтып өткеніміздей, Боранбаев фитнес-орталықтардан бастап, ірі фастфуд мейрамханасы желісіне дейін иелік етеді. Forbes журналының мәліметінше, Қайрат Боранбаевқа Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағындағы McDonald’s франчайзингі тиесілі. Сонымен қатар минералды су шығаратын "Алекс-Сарыағаш" компаниясы, "Активтерді басқаруға арналған "Алмалы" компаниясы" ЖШС, ""Кемикал" Қазақстан мұнайхимиялық компаниясы" ЖШС, "ҚазТурбоРемонт" ЖШС басқарады. 

Алматыда McDonald’s мейрамханасы 2016 жылы ашылған. Мейрамхана құрылысы кезінде дау шығып, ел назарын аудартқан болатын. Себебі кәсіпкер қала орталығындағы бұрынғы "Алатау" кинотеатрының орнына өз мейрамханасын салуды көздеді. Белсенділер кинотеатрдың бұзылуына қанша қарсы шыққанымен, ғимарат сүріліп, McDonald’s-тың іргетасы қаланды.

Бұдан бөлек Боранбаевқа Алматы қаласындағы AParking ақылы тұрақтарын бақылайтын "RR2" ЖШС, Fitnation фитнес-орталықтар желісі, Esentai Mall сауда орталығы мен Esentai Towers бизнес орталығының 50%-ы тиесілі.

Қайрат Боранбаев ресейлік миллиардер Виктор Харитонов және өзге серіктестерімен бірге "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС басқарады. Бұл кәсіпорын коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын құюмен шұғылданады. 

Кәсіпкер Боранбаев спорт саласында да шет қалмаған. Ол – Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы комитетінің мүшесі, Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті, республикалық "Қазақстан гольф федерациясының" құрылтайшысы. Сондай-ақ Алматыдағы "Қайрат" футбол клубының мажоритарлық үлесі тиесілі. 

Назарбаевтар әулетімен байланысы

Боранбаев Назарбаевтар әулетімен де тығыз байланыста болған. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласындағы McDonald’s мейрамханасының ашылу салтанатына Елбасының өзі келген. 

2013 жылы өткен Айсұлтан мен Алиманың үйлену тойында түсірілген әуесқой түсірілімнен қонақтар арасында бұрынғы Орталық Сайлау комиссиясының басшысы және Дариға Назарбаеваның құдасы Берік Имашевты да көруге болады. 

2016 жылы Қайрат Боранбаев алғаш рет ата атанды. Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан қызы Алима қыз баланы дүниеге әкелді. 

Matrica.kz сайтына берген сұхбатында Боранбаев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі туралы айтып берген. Сөзінше, Тұңғыш Президент кездесу кезінде немересі Айсұлтан туралы сұраған екен. Сұхбат Айсұлтан Назарбаевтың сол кездегі Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қатысты жасаған мәлімдемесінен кейін түсірілген. Елбасының жиені өз әлеуметтік желідегі парақшасында "сасық астанада" тұрғысы келмейтінін және қалдық сулар жиналатын Талдыкөлде әкімге киіз үй тігетінін жазған еді. 

Күйеу баласының мәлімдемесі туралы пікір білдірген Боранбаев мұны Айсұлтанның тегімен байланысты екенін айтқан. 

"Егер оның тегі басқа болғанда, желідегі мәлімдемесі ел ішінде қызу талқыланбайтын еді. Біз тек Назарбаевтың тегін алған адамның жазбасына көңіл аударамыз", - деген ол өз сұхбатында. 

Қайрат Боранбаевтың қамауға алынуы

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыдан кейін көп ұзамай Қайрат Боранбаевтың да қамауға алынғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша Боранбаеты күдікті деп тапқан. 

17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу оты Қайрат Боранбаевты екі ай мерзімге қамау туралы шешім қабылдады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр