Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Мен өзімді "проституткамын" деп санамаймын

Қазақстандық актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей ағынан жарыла сұхбат берді. Өнерде бір кездері жолы болмағанымен, қазір беделді өнер иесі. Оған өзінің еңбекқорлығы мен ұстаздарының қолдауы себеп болды. 

Бұл туралы "Талқылайық" арнасына айтылды. 

Қайрат Әділгерей саясат жайлы ашық айтып сынамайды. Өзінің саясаттан алыс адам екенін айтады. Бір кездері депутат Гүлжан Қарағұсоваға пародия жасаймын деп басы дауға қалған. Тіпті ісі сотта қаралған екен. Елорда күнінде атылған салюттерді сынаймын деп те жоғарыдан сын естіген жайы бар. 

"Мен саясатта емеспін. Мен оппозиционер болсам, саясатты, билікті сынға алғым келсе, баяғыда-ақ ол туралы жазар едім. Бірнеше мыңдаған оқырманымды пайдаланар едім. Бірақ олай еткен жоқпын. Саясат жайлы ойымды, көзқарасымды, азаматтық позициямды білдіре аламын, бірақ саясатқа араласпаймын. Гүлжан Қарағұсова апамызға пародия салдым. Ол - сатира. Мен біреуді мазақ еткен жоқпын. Ондай ойым болған жоқ. Мен тек оның айтқан сөзін қайталап бердім. Ол кісінің заңгері маған арыз жазған екен. Алайда сотта менің әрекетімнен заңсыздық таппай істі жапқан. Гүлжан Қарағұсовадан кешірім сұраймын. Бұған пародия деп қарау керек", - деді ол. 

Актер ел індетпен ауырып жатқанда отшашу жасағаны үшін елордалық шенеуніктерді сынға алған еді. 


Тұрсынбек намаз оқығалы бері әзілдері уағызға ұқсап кетті: Қайрат Әділгерей басшысын сынға алды


"Бұл менің эмоциямнан туған әңгіме. Ел ауырып жатқанда отшашу жасағаны көпті ашуландырды. Мен де көңіл-күйімді жасыра алмай қалдым. "Дәрігерлердің көңіл-күйін бұлай көтергенше, жалақысын көтермей ме?" деп қалдым. Маған жоғарыдан ескерту келді. Мұндай нәрселерді қозғама деді. Мен бұл ескертуді ескеремін. Себебі билікке қарсы шықпаймын. Проституткамен актер қашанда биліктің сойылын соғады деген сөз бар. Бірақ мен өзімді проститутка санамаймын. Алайда сын айтпаймын. Биліктегі адамдарға пародия жасамауымыздың себебі - саяси қысым, екінші жағынан пародия жасайтын тұлғалар жоқ. Ерекше ешкім жоқ. Көзге көрінетін шенеунік жоқ", -деді актер. 

Талқылау