Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайғыдан қан жұтқан әке Сириядағы химиялық шабуыл кезінде мерт болған егіздерін көрсетті (фото)

Абдул Хамид Юссеф Сириядағы химиялық шабуыл кезінде мерт болған кішкентай егіздерін көрсетті. Қайғыдан қан жұтқан әке әлемге соғыстың зардабын көрсетіп, болған жағдайға бей-жай қарамауды өтінуде.

pri_35593196

Бұл туралы ағылшын басылымы Metro жазды.

Жалпы Сирияда болған химиялық шабуыл кезінде кем дегенде 72 адам қаза тауып, көптеген жандар зардап шекті. Абдул Хамид сейсенбі күні болған шабуылда 18 жақынынан айырылды. Олардың арасында әйелі мен балалары бар.

Қайғылы оқиғадан кейін Абдул Хамид ақ матаға оралған ұл-қызын қолына алып суретке түсті. Өмірін өксікке толтырған сәтті мәңгі есте сақтап қалу үшін емес, әлемге соғыстың зардабын көрсету үшін.

pri_35590851-e1491401358313

Сириядағы адам құқықтарын қорғау туралы обсерватория шабуылды сириялық әскери ұшақтардың жасағанын растады.

Зарин (газ түрі) – бұл адам жанын азаптап, сыздататын жасанды жүйке-сал құралы. Ол теріге, мембрана мен өкпеге өтуі мүмкін. Заринмен уланған жағдайда адамның тірі қалуы екіталай.

Газдың бұл түрімен уланған адам әдетте ұзақ әрі азапты ауруды бастан кешіреді. Ең сәтті жағдайда газдың әсері жойылып, адам тірі қалуы мүмкін.

pri_35592787-e1491401647598

Жалпы газдың бұл түрі адамды 10 минуттың ішінде бақилыққа аттандыруы мүмкін. Сорақысы сол, заринді анықтау қиын. Себебі оның айрықша дәмі не иісі жоқ.

pri_35465511

Жіберіп алмаңыз:

Филиппин президенті ерлі-зайыптылардың жеңіл жүріске салынуын қолдады

Қытай туралы адам шошырлық 20 дерек (фото)

Петербордағы жарылысты жасаған жанкештінің кім екені белгілі болды

Мехико метросында ер адамның жыныс мүшесі бейнеленген орындықтар қойылды (фото)

Талқылау