"42°С-қа дейін ыстық болады": Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 8-10 маусымға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Мәскеу аудандарындағы циклон әсері демалыста Қазақстанға да әсер етеді. Соның кесірінен ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Жерорта теңізінен өте жылы ауа түскесін оңтүстік аймақ жылы болады. Көптеген облыстарда ауа райы +27+35°С-қа дейін, ал оңтүстікте +35+42°С-қа дейін жоғарылайды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған