Каспийде жаппай қырылған итбалықтардан кейін өлі шаяндар табылуда
Фото: Lada.kz
Ақтау тұрғындары Каспийде жаппай қырылған итбалықтардан кейін енді өлі шаяндардың қаптағанына алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
3 мамырда тұрғындар “Солдат” жағажайындағы су төгетін каналдан ондаған өлі шаяндарды байқаған.
Ақтау тұрғындары қазір Каспий теңізі фаунасының жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Теңіздегі тіршілік иелерінің өлекселері шығып жатқанын тұрғындар шоши хабарлауда. Алайда уәкілетті органдар олардың өлім себептері туралы толық жауап бермей отыр.
Маңғыстау облысының балық инспекциясы мен экология департаментінен әзірге түсініктеме күтілуде.
Еске салсақ, ғалымдар "итбалықтар мен жағалаудағы қауымдастыққа қауіп төніп тұр",- деп Каспий теңізінің тартылатынын айтып дабыл қаққан еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген