Каспий тартылып барады: теңіздің таязданып қалған жағалауының видеосы қазақстандықтарды қапаландырды
Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Нұркен Тәжібай әлеуметтік желілерде Каспий теңізінің таяз жағалауы түсірілген видеоны бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скрин
Ол видеоны Instagram-да жариялады.
"Теңізіміз былтырға қарағанда алысқа кетіп қалды. Каспий тез таязданып келеді", – деп жазды блогер.
Блогердің оқырмандары көрген кадрларға қапаланғанын жасырмады.
“Теңізге жаным тынышталу үшін баратын едім. Енді көрсем жүрегім ауырады. Бармауға тырысамын”, “Өкінішті”, “Құдай-ау, не болып барады? Аралдың күйін кешетін секілдіміз”, “Теңіздің тартылып бара жатқанын көру ауыр. Әсіресе, осы жерде туғандарға” деп жазып жатты оқырмандар.
Бұған дейін блогер Каспий теңізінің видеосын маусым айында жариялаған еді.
Еске сала кетейік, ғалымдар Каспийдегі итбалық популяциясының апатты жағдайда екенін айтып, дабыл қаққанын жазған едік.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен