Kaspi.kz мақсатты модель аясында бірыңғай QR жүйесіне қосылды
Фото: Kaspi.kz
Kaspi.kz мақсатты модельдің аясында ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясымен бірыңғай QR жүйесіне қосылу туралы келісімге қол қойды.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
"Биыл біз Ұлттық банкпен бірлесіп, әсіресе операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белсенді жұмыс істедік. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу – Қазақстанда кең, заманауи әрі қауіпсіз төлем инфрақұрылымын құрудағы маңызды қадам. Сүйікті клиенттеріміз жақын арада кез келген банктің QR-коды арқылы төлей алады".
Бірыңғай QR бойынша төлемдер Ұлттық Банктің орталық инфрақұрылымы арқылы өтеді. Барлық банктер бұл инфрақұрылымға тең талаптармен қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен компанияларды алаяқтық тәуекелдерінен ең жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"