Қаскелеңде күдіктінің қашып кетуіне қатысты полицейлердің үстінен іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысында күдіктінің сот залынан қашып кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында журналистер істің мән-жайын вице-министрден сұрап көрген.
"Иә, қашып кетті. Іздеп жатырмыз, табамыз. Қызметкерлеріміздің салғырттық танытуына қатысты іс қозғалды", – деді ол.
Еске салайық, Қаскелеңде бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам Қарасай аудандық мамандандырылған сот аумағынан қашып кеткен еді.
30 жастағы айыпталушы Еңбекшіқазақ облысының тумасы. Оған бала зорлады деген айып тағылып, "Зорлау" бабы бойынша күдікке ілінген. Қазір ауданда "Сирена" режимі жарияланды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған