Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тауардың қымбаттауы, компания беделінің түсіп кетуі": Кәсіптегі қауіп-қатерді қалай шешуге болады

Нарықтағы бәсекелестер, тауардың күрт қымбаттап кетуі, тұтынушылардың көңілі толмауы, құрылғылардың бұзылып қалуы – кез келген кәсіпте кездесетін қауіп-қатерлер. Stan.kz ақпарат агенттігі ЦентрКредит Банкімен бірлесіп, кәсіптегі қауіп-қатердің қалай алдын алуға болатынын айтып береді. 

Иллюстрация: Stan.kz

Бизнесте қандай қауіп қатер кездеседі?

Кәсіптегі қауіп-қатер – қаржылай шығынға, жұмыстың нашарлауына немесе компанияның жабылып қалуына әкелуі мүмкін қолайсыз жағдай. Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, кәсіпте оның бірнеше түрі кездеседі:

Сыртқы қауіп. Оған валюта бағамы мен пайыздардың өзгергені, елдегі немесе дүниежүзіндегі экономика дағдарысы жатады. Бұлар импорт және экспорт нарығындағы тауардың құнына әсерін береді. Сол кезде кәсіпкердің кәсібіне қауіп-қатер төнеді.

Заң қаупі. Елде салыққа қатысты заңдар өзгерсе, жаңа нормативтер қосылса, компанияның шығыны көбейеді. Бұған қоса компания басқа тараппен белгілі бір жағдайға байланысты соттасып жатыр делік. Оған да қаражат кетеді. Мұның бәрі заң тұрғысынан туындайтын қауіп-қатер болып саналады. 

Операциялық қауіптер. Бұған көбіне күтпеген жерден болған оқиғалар кіреді. Мысалы, компания алып жүрген тауардың сапасының нашарлауы, компания кеңсесіндегі бір құрылғының сынып қалуы, тауардың уақытылы жетпеуі сияқты жағдайлар жатады. 

Әлеуметтік қауіптер. Сіздің мейрамханаңыз бар делік. Клиенттер мейрамханыңызда қазақша мәзірдің жоқ екенін байқап қалды. Кейін олар наразылығын білдіріп, сіздің кәсібіңізге байкот жариялауы, әлеуметтік желіде сын-пікірін жазуы, басқа адамдарды сіздің мейрамханаға бармауға үгіттеуі мүмкін. Осылай, кәсіптің клиент, қоғам алдында беделінің түсуін әлеуметтік қауіп деп атаймыз. 

Қаржылай қауіп. Компанияның несиесін, қарызын дер кезінде төлемегеннен, табыстың тұрақсыз болғанынан және қаржы мәселесінен қаржылай қауіп туындайды.

Шағын және орта кәсіпте қауіп-қатердің кез келген түрі кездесуі ықтимал және олардың алдын алуға болады. Дегенмен кәсіпкер сыртқы қауіпке әсер ете алмайды, оған тек бейімделуі керек.

Кәсіпке қауіп-қатер төнгенін қалай білуге болады?

Әрбір кәсіпкер бизнесін бастамас бұрын түрлі қауіп-қатер болуы мүмкін екенін ескеруі керек. Әрине, ол барлық қауіпті алдын ала болжап отыра алмайды. Десе де, ішкі қауіптердің тізімін жасап, оны болашақта қалай шешетінін анықтағаны дұрыс. Тіпті осыған жауапты бір қызметкерді тағайындағаны жөн. Біріншіден, адам өзінің кәсібіне ұқсайтын басқа кәсіптің тәжірибесіне қарап, талдау жасауға тиіс. Екіншіден, қазіргі уақытта қай жағдай көбіне қауіп төндіріп тұрғанын түсінуі керек. Рейтинг жасап, ең әуелі кәсіпке қатты зиянын тигізетін қауіппен күресуі қажет. Үшіншіден, қажет жағдайда еш қысылмай, бұл саланы жақсы білетін маманнан көмек сұраған абзал. Төртіншіден, компаниядағы командамен бірге түрлі күресу жолын іздеу қажет. 

Кәсіпкер айына бір рет SWOT талдау, яғни кәсіптің мықты әрі әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қателерін талдағаны абзал.

Қауіп-қатердің қалай алдын алуға болады?

Қауіп-қатерлерді алдын алудың 4 негізгі стратегиясы бар:

Қауіп-қатерлерді болдырмау. Мысалы, жеткізумен айналысатын серіктесіңіз үнемі тауарды кешіктіріп әкеледі. Мұндайда сіз тауарды жеткізетін басқа компаниямен жұмыс істеуіңізге болады. Осылай қауіп-қатерді болдырмайсыз. 

Қауіп-қатерлерді қабылдау. Бұл әдіс зардабы мен зияны аз қауіптерге қатысты. Тауарды жеткізетін компания күтпеген жерден қажет компоненттің жоқ екенін, бірақ жақын арада толықтыратынын айтты. Бұл кәсіпкерге тұспал болады. Дегенмен кәсіпкер басқа жеткізушіні іздесе, одан да ұзақ күтіп қалады. Сол себепті мұндай жағдайда қауіп-қатерді жай ғана қабылдаған дұрыс. 

Қауіпті азайту немесе бақылау. Серіктесіңіз өз жұмысын жақсы істейді, бірақ кей шарттарды бұзады делік. Мысалы, тауарды үнемі кешіктіріп жүреді. Бұл уақытта кәсіпкер оларға хат арқылы немесе қоңырау шалып, ескертіп отыруы керек. Осылай, қауіпті азайтады.

Шешімді басқаға беру. Компания қызметкерлерінің бір мәселені шешуге шамасы жетпесе, басқа мамандарға тапсырғаны жөн. Бұл кейде уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

ЦентрКредит Банкі кәсіптегі қауіп-қатерді шешуге қалай көмектесе алады?

ЦентрКредит Банкі қаржылай қауіп-қатерді болдырмайтын түрлі құрал ұсынады. Соның бірі – несие лимиті. Кәсіпкердің күтпеген жерден мүлдем есепке алмаған шығыны пайда болса немесе қаржысы тапшы болып, шұғыл ақша қажет етсе, ЦентрКредит Банкінің несие лимитіне жүгіне алады. Оны шағын, орта және ірі кәсіп иесі де қолдана алады. Банк қызметін жарты жылдан бері қолданып жүрген кәсіпкерлерге 250 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Ал енді шот ашқан, енді ғана серіктес атанып жатқан жеке кәсіпкерлерге 100 мың теңгеден бастап, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге 200 мың теңгеден бастап несие береді.

ЦентрКредит Банкінің несие лимитінің ерекшелігі – кәсіпкерге берілетін несие сомасының ай сайын қаралатыны. Кәсіпкердің кәсібінің айналым капиталы қаншалық жақсы әрі транзакциясы көп болса, соншалық көп сомада несие алуға мүмкіндігі бар. Несиенің пайыз мөлшерлемесі – 23,50% (ЖТСМ 26,21%). 

Кәсіпкер ЦентрКредит Банкінің несие лимиті арқылы 1 000 000 теңге несие алды делік. Оны 30 күн ішінде қайтарса, 1 019 315,07 теңге етіп қайтарады. Сонда небәрі 19 315 теңге артық төлейді. Кәсіпкер бұл несиені мерзімінен бұрын, мәселен, 10 немесе 20 күннен соң өтеуіне болады. Кейін қайта қажет болған жағдайда тағы осылай бірнеше несие ала алады. 

Жаңарып отыратын несие лимитін бес жылға дейін алуға болады. Несие лимитіне арналған шотты ашу үшін көп құжаттың да қажеті жоқ. Ешқандай кепілсіз bcc business арқылы онлайн алуға немесе кез келген банк бөлімшесіне барып ашуға болады. Небәрі 20 минутта шотыңыз ашылып, оған ақша түседі және оны кез келген уақытта жұмсай аласыз және жұмсаған соманың ғана пайызын төлейсіз. Банк несие лимитіне арналған шотты ашқаны үшін, қызметі үшін ақы алмайды. 

Бұған қоса ЦентрКредит Банкі семинарлар мен вебинарлар өткізіп отырады. Онда қауіп-қатерді реттеудің өзекті мәселелері талқыланады. Бұл кәсіпкерлерге кейінгі трендтерден хабардар болуға, сарапшылардан кеңес алуға көмектеседі. 

Айта кетері, бұған дейін біз айналым капиталы туралы мақала жазғанбыз. Онда ЦентрКредит Банкі кәсіптің айналым капиталын дұрыс басқаруға көмектесетін өнімдерін ұсынды. 

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Талқылау