Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде кіші қажылыққа барды (видео)
24 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Мекке қаласында кіші қажылықтан (ұмра) өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 23 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделәзиз Әл Саудтың шақыруымен Сауд Арабиясына барған. Қазақстан Президентін әуежайда корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ, Сауд Арабиясы Корольдігінің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”