Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі туған күнін атап өтуден бас тартты
17 мамыр – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысы үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aqorda.kz
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының сөзінше, ол бүгін әдеттегідей жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған. Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де өзін туған күнімен құттықтамауын сұраған.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы өткен жылдардағы туған күнінде де осындай ұстанымды ұстанған еді.
"Президенттің принципті ұстанымы осындай. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", – деп түсіндірді Берік Уәли.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген