Қашаған кен орнында жұмысшы қаза тапты
Атырау облысындағы аса алып Қашаған мұнай-газ кенішінің "Д" аралында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrau Press басылымына сілтеме жасап.

"Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкерінің өлімі кенеттен болды. Өлімнің себебі өндіріске еш қатысы жоқ. NCOC компаниясы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетілді", - деп мәлімдеді NCOC компаниясы сейсенбіде.
Қайғылы оқиға Қашаған кен орнының "Д" жасанды аралында 9 ақпанда болғаны атап өтіледі.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды