Қаруланған қарақшылардың сазайын берген: 85 жастағы қария ерлік танытты (видео)
85 жастағы қария ерлік танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC news басылымына сілтеме жасап.

Ирландиядағы букмекерлік кеңселердің біріне шабуыл жасаған қаруланған үш қарақшыны соққының астына жыққан қария камераға түсіп қалған. Баса-көктеп кірген ұрыларға букмекерлік орталықтың менеджерімен бірге тап берген қария 85 жаста. Дэнис Оконор ұрылардың біріне жақындап төбелесті бастап кеткен. Артынша, келген үш қарақшыны да ғимараттан қашырып жіберген.
Қария бар болғаны шарасыз қалған менеджерге көмектескісі келген. Алайда, өзінің мықтылығымен бүтін букмекрлік кеңсені ұрылардан құтқарған. Осылайша, 85 жастағы ирландиялық Дэнис Оконор жеңіл жолмен ақша табуды көздеген жігіттерге құйтырқы ойын жүзеге асыруға жол бермеген. Қария қарапайымдылық танытып, мұндай жағдайда кез келген адам дәл өзі секілді әрекетке баратынын айтты.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық