Қару-жарақ пен қомақты ақша алып бара жатқан: "Жаркенттік жігіттер" лақап атымен танымал топ ұсталды
Полиция қару-жарақ пен ақшасы бар "жаркенттік жігіттерді" ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода көрсетілген ақша және қарумен жүрген ер адамдар Алматы облысында ұсталды.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл факті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғанын хабарлады.
Айыпталушылардың жеке бастары анықталды. Олар 26 жастағы азамат И. мен 28 жастағы азамат Ш. Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігі "атыс қаруын заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды