Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Картоп жинауға барған: Павлодар облысында ер адам комбайнның астына түсіп кетті

Павлодар облысында суармалы алқапта картоп жинап жүрген ер адамды комбайн басып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің мәліметінше, 59 жастағы ер адамды комбайн байқаусызда басып кеткен. Қазіргі таңда жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 



"13 қыркүйекте Павлодар облысы Ақсу ауданы, Еңбек ауылының маңындағы суармалы алқапта жазатайым оқиға орын алды. Картоп жинау кезінде картоп жинайтын комбайнда жұмыс істейтін 59 жастағы ер адам байқаусызда комбайнның астына түсіп кетті. Нәтижесінде түрлі жарақаттар алған ер адам Ақсу ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Апат фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2020 10:21
Талқылау