Екі бала трактордың астында қалып қойған: Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды
Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ағалы-қарындасты екі бала трактордың астына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Қайғылы оқиға тал түсте болған. Жол жиегінде жүрген балалар шөп артылған үш тіркемесі бар трактордың тоқтап тұрғанын көреді. Олар екі тіркеменің ортасын жалғаған темірдің үстіне жайғасып алып, ойнамақ болса керек. Трактор алға ала жөнелгенде екеуі де ұшып түсіп, дөңгелектің астында қалған.
8 жасар ұл сол жерде жан тапсырды. Ал түрлі дене жарақатын алған 5 жасар қыз Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімшесінде жатыр.
"Қазір жол жүру ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкелу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Түрлі сараптама тағайындалды. Трактор жүргізушісі тергеуге келуге міндеттелді", - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн