Қариялардың сеніміне кіріп, жалған некеге отырған: Жамбыл облысында ерекше алаяқ іздестіріліп жатыр
Әртүрлі алаяқтығы үшін бірнеше мәрте істі болған Айгүл Ниязова есімді әйел адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Әйел адам қарт ер азаматтардың сеніміне кіріп, кейін олармен жалған некеге отырған. Артынша туыстарын жұмысқа отырғызу немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша үй аламын деп сылтауратып олардың ақшасын иеленіп отырған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, полиция департаментіндегілер бұдан басқа да алаяқтығы болуы мүмкін екенін ескертті.
Егер оның қай жерде екенін білсеңіз немесе одан зиян шеккен болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе «102» пультіне.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар