Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қарындас", "аға", "апай". Қазақ тіліндегі қаратпа сөздер

Көшеде келе жатқанда қандай қаратпа сөздерді қолданасыз? Қаратпа сөздеріңіз «қарындас», «брат», «қыз» деген сөздерден әрі аспай ма? Ендеше, бүгінгі материалымызда қазақша қаратпалар туралы талқылаймыз.

1. Қазіргі таңда қарым-қатынаста ең көп таралғаны – кісіні аты-жөнімен атау.

Мысалы, Мадина Әбдіманапқызы, Нұрболат Қайратұлы т.б. Бұл –  көбінде ресми қарым-қатынас түрінде қолданылатын қаратпа сөз.
Осы қаратпа сөз туралы белгілі тілші ғалым Анар Мұратқызы өзінің бір сұқбатында былай дейді: «Біздің ұлттық дәстүріміз тұрғысынан қарасақ, бұл – өте қате қолданыс. Өйткені кез келген адамның әкесінің атын елдің көзінше атау әдепсіздікке жатады. Қазақ мәдениеті тұрғысынан алғанда, оның әкесі марқұм боп кетсе, тіптен сондай бір дөрекі, ерсі көрінеді. Алайда қазір оған амал жоқ, оған тоқтау қоя алмаймыз». 

2. Егер сізден жасы үлкен ер адам болса, «аға» сөзін қолданғаныңыз жөн. Егер сізден жасы кіші ер адам болса, «інім», «інішек» сөзін қолданыңыз. Қазір қоғамда «молодой человек», «парень» деген орысша қаратпалар кең етек алды. Оның орнына өзіміздің қазақы қаратпаларды қолдансаңыз, кез келген ер адам қуанып қалады. 

3. Туыстық атауларға «-й» жұрнағын жалғап, «апа+й», «әпке+й», «аға+й», «ата+й», «жеңге+й» сынды қаратпа сөздерді пайдаланған абзал. Бұл сөздерді адамның жасына, жынысына қарап таңдай бересіз.

4. Әйел адамдар бір-біріне «әпке», «сіңілім» деген сөздерді қолданса болады. Қазіргі таңда «девушка» немесе «қыз» деп қолданып жүр. Осы екі сөз де естілуі жағынан ерсі. 

5. Егер ер адам болса, өзінен кіші қыз балаларға «қарындас» деген сөз қолданылып жүр. Бұл сөз қазақтың танымында ертеден келе жатқан қасиетті сөз. Бұл туралы ғалым Нұргелді Уәли былай дейді: «Қазақтың жігіті көшедегі кез келген қазақтың қарагөз қызына «қарындас» деген кезде, ол қыз ол жігітке шынымен де өзінің ағасына қарағандай сенім артып қарайды. Бұлардың арасында ешқандай бұзақы ой тумайды. Ол өзінің туған қарындасындай қарайды». 

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Қараша, 2020 15:41
Талқылау