Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық көпбалалы ана тастанды сәбилерді асырап алмақ

Жаңа туған сәбиді өлтіріп, оны әжетханаға тастап кеткен оқиғаға адамдар бей-жай қарамаған-ды. Қарағандылық көпбалалы бизнес леди тастанды балалардың барлығын асырап алып, аналары райынан қайтса, оларды қайтарып беруге келісіп отыр.

302

Фото: pandaland.kz

Бұл туралы “31 арна”  хабарлайды.

Әлия Садырбаева – қоғам белсендісі, блогшы әрі жеке кәсіптің иегері. Ең бастысы, ол алты баланың анасы. Кенжесі әлі бір жасқа да толып үлгермеген. Бір қарағанда өз балалары тұрған кезде, өзгенің баласын қалай ойласын деген ой келеді.

“Жаңа туған сәбидің еш жазығы жоқ. Ол анасының ақшасы жоқ екенін, жұрттың алдында ұятты екенін түсінбейді ғой. Менің ең басты мақсатым – отбасы, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Ананың баласынан бас тартпауына жағдай жасау. Олардың жаңа туған сәбиді өлтіруге асықпағанын қалаймын. Егер олар белгілі бір себептермен сәбилерінен бас тартса, мен сол балаларды асырап алуға келісемін”, – дейді көпбалалы ана Әлия Садырбаева.

Соңғы кезде жиі айтылып жүрген тастанды сәбилерге қатысты оқиғалар кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Құдды оларды айтқан сайын қылмысқа бел буатындардың саны көбейе беретіндей. Осыған орай, Әлия қандай жағдай болмасын балалар өлмесе екен дейді. Тіпті, кейін тастанды балаларды райынан қайтқан аналарға қайтарып беруге дайын екенін жеткізіп отыр.

Дәл қазір Әлия Садырбаева мақсаттастарымен бірге отбасылық балалар үйін ашуды қолға алып жатыр. Мұнымен қатар, ол республикамызда әйелдерге әрдайым көмек қолын созуға дайын кризистік орталықтардың жұмыс істеп жатқанын айтады.


Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде көп қабатты үйден тастанды шақалақ табылды

Таразда тастанды баланың ата-анасы іздестірілуде

Сәбиін әжетханада туып тастап кеткен келіншек елден кешірім сұрады

Ресейде жігіт өзін тастап кеткен анасын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

 

Талқылау