Қарағандыда көлік ішінде “біреуді күтіп отырған адамның” өліп кеткені анықталды
Қарағандыдағы ірі сауда орталығының қызметкерлері дүкен алдындағы тұрақта тұрған көліктен адам мәйітін тауып алды. Болжам бойынша, ол көлік ішінде бірнеше күн тұрып қалған болуы мүмкін.

«4 желтоқсан күні көлік ішінен адамның мәйіті табылды. Мәйіт көлікте бірнеше күн тұрып қалған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм жігіт көліктің алдыңғы орнында қолын басына қойған күйі отырған. Сырттай қарағанда біреуді күтіп отырғанған ұқсайды. Адамдар ол жерден өтіп, қоқыс төгіп, темекі шегіп, әрі-бері жүрген. Алайда соларың біреуі ғана көлікте адам өліп жатқанын байқаған. Марқұмның кім екенін білетін жандар болса, хабарласуын сұраймыз», – делінген Instagram желісіндегі парақшада.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында үйлену тойына барған жігіт мейрамханада көз жұмды
Тимур Құлыбаев: Астаналық такси жүргізушілері ағылшын тілін білуі керек
Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.
Қазақстанда қарыз алушы қайтыс болса, оның банктегі несиесін кім өтейді?
Мұрагерлер қандай жағдайда қарызды өтеуге міндетті және ипотекадағы пәтердің тағдыры қалай шешіледі