Қарағандыдағы балалардың жаппай улануы: Орталықта тамақтан улану дерегі расталмады
Қарағандыдағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тамақтан улану дерегі расталмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда балалардың неден уланғанын нақты анықтау үшін материалдар сараптамаға жіберілген.
"Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сараптама қорытындысы негізінде балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан түскен бүлдіршіндерде астан улану дерегі расталмады", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 1 тамызда Қарағанды облыстық әккімдігі 6 баланың уланып, жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады. Салдарынан 1 бала көз жұмды.
Аталмыш деректен кейін қылмыстық іс қозғалып, мекеме басшысы жұмыстан шығарылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған