Қарағандыда сот шешімін өзгерту үшін пара беруге үгіттеген заңгер үш жылға сотталды
Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі пара беруге үгіттегені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

21 шілдеде Қазыбек би аудандық сотының үкімімен адвокат Б.Алханова нақты мерзімге сотталды. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
- Жұмысқа кіргізу үшін пара алған: Түрікстан облысында мектеп директоры 6 миллион теңге айыппұл төлейтін болды
- "Табыстың 95%-ы жеке компанияға кетеді": Астаналық кәсіпкерлер әкімдікті ақылы тұрақтар үшін сотқа берді
"Ол В.Радюкты мерзімінен бұрын босату мәселесі бойынша оң шешім шығару үшін Шахтинск қалалық сотының лауазымды тұлғаларына 1 500 000 теңге көлемінде ақшалай пара беруге итермелеу фактісі бойынша кінәлі деп танылды", - делінген ақпаратта.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар