Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысқа кіргізу үшін пара алған: Түрікстан облысында мектеп директоры 6 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Түркістан облысында пара алған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пара

21 шілдеде Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент мектебінің директоры Ақмарал Айсадиковаға қатысты айыптау үкімін шығарды.

“Сот үкімі бойынша ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына алыстатылды, сондай-ақ сот оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Айсадикова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жұмыста көмек беру мақсатында 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Талқылау