Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полиция қызметкері себепші болған жол апатында бір жастағы бүлдіршін көз жұмды

Қарағандыда полицияның қатысуымен болған жол апатында бір жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен сағат 21.45-те Mercedes көлігімен 37 жастағы полиция қызметкері ауысымнан кейін үйіне оралған. Республика даңғылы мен Дүйсембеков қиылысында бағдаршамның сары белгісіне өтіп, 29 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің бір жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. 37 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Шымкентте жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған келіншек ұсталды


 

Қарағанды облысының полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтатындарын хабарлады.

 

 

Талқылау