Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар еміне бөлінген қаржы ұрланды
Қарағанды облысында мемлекеттік бюджеттен мүмкіндігі шектеулігі жеткіншектердің еміне бөлінген 50 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік қаржының жымқырылуына қатысты қылмыстық істі тексеруде. Қаржы ерекше балаларға шипажай-курорттық емдеу мен емдік-сауықтыру демалысын ұйымдастыру үшін бөлінген.
“Тапсырыс беруші мен ЖШС арасында наурыз бен желтоқсан айына дейін мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді санаториялық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 50 миллион теңгеге мемлекеттік шарт жасалған, аталмыш шарттың орындалмағаны үшін тергеулер жүргізіледі” – деді ведомоствода.
Шипажай сауықтыру орталығына жалған мәлімет ұсынып, өтірік құжаттамалар дайындау үшін 1,5 миллион теңге шамасында негізсіз ақша берілген.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік