AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы бойынша қазір қылмыскер деп танылғандарды болашақта "батыр" деп мойындайды - Абзал Құспан

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, айыпталып жатқан азаматтар болашақта "батыр" деп мойындалады. "Аманат" қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан "Сұрауы бар" YouTube арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Ол айып тағылған азаматтарды қорғау, ақтау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтып берді. 

Адвокаттың айтуынша, қаңтар оқиғасы қатысушыларына негізінен "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" бабы бойынша айып тағылуда. "Аманат" комиссиясы осы уақытқа дейін аталған баппен айыпталған азаматтардың 80 пайызынан астамын абақтыдан шығарған. 

"Сотқа барғандардың ішінен әзірге тек бір адам бас бостандығынан айырылды. Ол Шымкент қаласында Молдабай деген ағамыз. Ол кісіні қылмыскер деп айтуға келмейді. Жалпы бұл баппен айыпталып жатқан адамдарды өз басым "қылмыскер" деп есептемеймін.

Желтоқсан қаһармандары деп айтамыз. Қаншасын білеміз? Оларға біз батыр ретінде қараймыз. Ал кезінде олар сотталды, отырды, түрмеге барып келді. Қайрат Рысқұлбеков те ресми түрде сотталды. Ол кісілерді қалай қылмыскер деп танимыз? Сондықтан осы баппен сотталып жатқан азаматтарды ресми түрде "батыр" деп есептеймін. Ерте ме, кеш пе, олардың бәрі батыр ретінде танылатын, мойындалатын болады. Оларға қатысты айыптау үкімі шығатын болса, олар да бұзылады, ақталады", - деп мәлімдеді Абзал Құспан. 



Адвокат осы баппен айыпталған азаматтарға бас бостандығынан айырмауға қатысты жаза қолданылуын негізгі мақсат етіп отырғанын атап өтті. Десе де, әр азаматтың ісі жеке қаралатынын, олардың ішінде кінәлілері де барын жасырмады. 

"Бір ата-ана ылғи жекеме, телефоныма шығады. Бір күні "айналайын, көмектесе гөр" деп көмек сұрайды. Келесі күні қарғап жатады. Ол ана, түсінесің. Ол кісінің баласының ісін қайта қарау туралы ұсынысқа енгізіп жібергенмін. 

Кейін істі прокуратурамен отырып талқыладық. Әр іс материалдарын алдымызға әкеп қояды. Қарасақ, өліп қалған полиция қызметкерінің үстіне шығып, секіріп жатқан бейнесі бар. Суреті, видеосы бар, нақты факт. Қайтыс болған адам да Қазақстанның бір азаматы, бір үйдің отағасы. Оны анасының жүрегін жаралап, қалай айтамын? "Апай, сіздің балаңыздың ісін көрдім. Қылмысы бар, көзіммен көріп отырмын. Оны сотқа барып шешесіз. Бірақ қандай қылмыс, дәлел бар, мен сізге айта алмаймын. Оны сотқа барғанда өзіңіз көресіз" дедім. Бірақ ол кісі көрінген жерде елдің алдында "айт" деп шулайды. 
Оны айтуға тағы болмайды, қылмыс құпиясы деген бар. Осындай кезде қатты қиналасың", - дейді Абзал Құспан.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр