AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Жанболат Мамайды тағы бір ай қамауда қалдыруға шешім шығарды

8 шілдеде Алматының мамандандырылған ауданаралық соты Жанболат Мамайдың қамау мерзімін бір айға, 12 тамызға дейін ұзартты. Бұл туралы белсендінің әйелі Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот процесіне журналистердің қатысуына тыйым салған. Судья өз шешімін отырыс барысында қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің егжей-тегжейлері жария етілу жоспарланып отырғанымен түсіндірген.

Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі, 34 жастағы Жанболат Мамай биылғы 26 ақпаннан бері қамауда отыр.



Қамауға дейін Мамай Қылмыстық кодекстің екі бабы: "Билік өкілін қорлау" (378-бап) және "Жалған ақпарат тарату" (274-баптың 2-тармағы) баптары бойынша айыпталып, күдікті ретінде тергеліп келген. Қамалған соң оған Қаңтар оқиғасына байланысты тағы екі бап бойынша айып тағылған. Ол "қару қолдану, қирату, өртеу жолымен жаппай тәртіпсіздік жасады" (272-баптың 1-тармағы) және "төтенше жағдай кезінде жаппай тәртіпсіздік жасады" (274-баптың 4-тармағы) деген күдікке ілінді.

Жанболат Мамай егер айыпты деп танылса 10 жылға дейін бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр