Қаңғыбас әйел өзін тамақтандырған әжейді тонап кетті
Өзеге жақсылық жасамақ болған әжей бармағын тістеп қалды.

АҚШ-та үйсіз-күйсіз жүрген келіншек өзін таматандырып, жақсылық жасаған әжейді тонап кетті.
81 жастағы әжей келіншекпен KFC-де танысқанын айтты. Оны аяғандықтан тамақ алып бермек болған. Әжей тамақ алып жатқанда келіншек оның сөмкесін ақтарып, ақшасын қолды еткен. Тамақтану орнының қызметкерлері әйелдің ізіне түсіп, оны тез арада ұстап алды.
Полицейлер 36 жастағы Стэйси Эндрюсс есімді кұдікті әйелді ұстады. Ол ұрлығы мен суық қару ұстап жүргені үшін және ішімдік ішкені үшін айыпталып жатыр.
Зардап шеккен әжейге сөмкесі мен ақшасы қайтарылды.
Тағы да оқыңыз:
Әйелінің қызымен үйленген азамат сотталып кетті
Қабылан үй ауласында жүрген екі баланы жеп қойды
Павлодарда үш балалы ана қақаған қыста екі айдан бері жертөледе тұрып жатыр
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"