Қанат Исламның үздік нокауттары (видео)
Кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, соның 17-ін нокаутпен аяқтаған қазақстандық боксшы Қанат Исламның шаршы алаңдағы нокауттарын назарларыңызға ұсынамыз.

Сурет ҚазАқпарат
Қазіргі таңда Қанат бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
Жерлесіміздің ендігі қарсыласы орта салмақта (69 келі) өнер көрсетіп жүрген колумбиялық боксшы – Хуан де Анxель. Екеуінің айқасы 9 мамыр күні астана уақытымен таңғы сағат 7:00-де болады. Хуан де Анxель осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізген. Соның 17-ін нокаутпен ұтып, біреуінде қарсыласымен тең түскен. Ал 3 кездесуінде есе жіберген. Қос батырдың жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген