Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева: Жеңіл ақша табу үшін өзін-өзі сататын әншілердің қатарына кірмеймін

Әнші, актриса әрі тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева тұрмыс құру туралы ойланып жүргенін, алайда көңіліндегі ер азаматын жолықтырмағанын айтты. Сондай-ақ, Жолдыбаева оны жар етуге асыққан азаматтың қандай болуы керектігін әңгімелеп берді. Одан бөлек, актриса шоу-бизнесте өзін-өзі ақшаға сататын «шағала» қыздардың бар екенін, алайда өзінің олардың қатарына кірмейтінін мәлімдеді.

жолдыбаева_8

Бұл туралы «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

Кәмшат Жолдыбаева жасы 30-ға жақындаса да әлі күнге дейін тұрмыс құрмауының себебін түсіндірді.

«Тұрмыс құру туралы мен де ойланамын. Қалай өзімнің серігімді, жартымды табамын, солай тұрмыс құрамын. Әлі жолықтырған жоқпын. Біріншіден, менің өзіме деген талабым жоғары, өзіме жоғары болғандықтан, ер азаматтан да сондай қасиеттерді қалаймын. Ең алдымен, ер азамат көшбасшы болуға ұмтылуы керек. Табыстың шыңына жетті демесек те, болашағын ойлайтын, соған ұмтылатын жігіт болуы тиіс.

Жас жағынан шектеу қоймаймын. Ең бастысы, жігіттік мінезі болса деймін. Мысалы, жас бала 20-да болып, соншалықты ол өз өміріне жауапты, соншалықты армандары асқақ, мінезі сондай жігерлі болуы мүмкін. Немесе жасы 40-қа келіп ондайды жастайынан ойламаған, ондай мақсат қоймаған, орташа немесе төмен өмірді қалыпты санайтын ер азаматтар бар. Сондай жағынан айтып тұрмын. Яғни, болашақ отбасының асқар тауы болатындай азамат болуы керек. Олар бар, бірақ менің өмірімде жоқ. Мүмкін осы күнге дейін өзім уақыт бөліп жүрген жоқ шығармын, бірақ ойымда бар, енді кірісу керек», – деп түсіндіді Жолдыбаева.

Бағдарлама барысында тележүргізуші Әйгерім Сейфолла Кәмшаттан:

«Ел алдында жүрген қыздарға элиталық кештерден, концерттерден кейін қосымша ақша ұсынылады дейді. Әрі қарай кешті жалғастыру үшін, қалталы азаматтардың көңілін әрмен қарай көтеру үшін әнші қыздар келісіп жатады дейді. Осы рас па?» – деп тосыннан сауал жолдады. Жолдыбаева еш ойланбастан оның сауалына жауап берді.

«Оның рас не өтірік екенін дәлме-дәл білмеймін. Ол үшін соған тап болу керек шығар. Бірақ мен үшін ол жаңалық емес. Сіз сияқты мен де ол туралы естігенмін. Бұл дегеніңіз әркімнің өз таңдауы ғой. Бір әйел адамдардың өз-өзін әйел заты ретінде бағалауы өте төмен. Яғни жеңіл ақша табу үшін уақытша сондай қадамдарға барады. Онымен әйел адамның сол ер азаматтың алдында деңгейі өседі деп ойламаймын. Өзім бұл қатарда жоқпын», – деді Кәмшат ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова «Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба» деп айтқандар болды

40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

Мөлдір Әуелбекованың ұлына қандай есім бергені белгілі болды

Асхат Садырбай «Қазақстан аруы» байқауына қарсы шықты

 

Талқылау