Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамауға алынған оппозиционер Марат Жыланбаев наразылық белгісі ретінде аузын тігіп тастады

Оппозиционер Марат Жыланбаев наразылық белгісі ретінде аузын тігіп тастады. Оппозиция жетекшісі осылайша соттың ашық өтуін талап етпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Жыланбаевтың серіктесі Бибігүл Иманғалиева оның наразылық белгісі ретінде аузын тігіп алғанын хабарлады.

"Марат Жыланбаевтың соты жабық өтті. Ол наразылық белгісі ретінде аузын тігіп алды. Соттың ашық өтуін талап етеміз!", - деп жазды ол.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жыланбаевтың аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз бергенін растады.

"Ол өз әрекетін соттың жабық есік жағдайында өткізуге келіспейтіндігімен түсіндіреді. Оның мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ. Сол күні мекеме басшылығы профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін сотталушы Жыланбаев тігісін алып тастады. Медициналық тексеру кезінде Жыланбаевтың денсаулығына шағымы жоқ, жалпы жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады комитет.

Айта кетейік, қамауға алынған қазақстандық оппозиционер өзінің ҚДТ (Қазақстан Республикасында экстремистік деп танылған ұйым) мен Мұхтар Әблязовке қатысы жоқтығын дәлелдемек.

Талқылау