"Кәлимамды білемін, мешітке барамын": Депутат Геннадий Шиповских қалай мұсылман болғанын айтты
"Ұлтым орыс болғанмен, жаным қазақ". Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских "Сұрауы бар" YouTube арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Қазақ отбасында тәрбиеленген халық қалаулысы жастай мұсылман дінін қабылдағанын, бірнеше сүрені жатқа білетінін айтты.

Сондай-ақ ол жастайынан мұсылман дінін қабылдағанын айтып өтті. "Кәлима" мен бірнеше сүрені жатқа білетінін айтты.
"5 уақыт намазға әлі бетімді бұрған жоқпын. Иә, мұсылман болғандықтан намаз оқу керек. Дегенмен әр нәрсенің өз уақыты болады. "Кәлимамды" білемін. "Фатиха", "Ықылас" сүрелерін оқи аламын. Ол мұсылман адам үшін басты жетістік деп ойлаймын. Мешітке барып, аруақтарға құран оқытамыз, дұға етеміз", – дейді Шиповских.
Сонымен қатар, Шиповских Қазақстан тұрғындары үшін бірыңғай "қазақстандық" ұлтының болғанын жеткізді. Бір кездері жетімдер үйіне түскен ол елімізде мұндай мекемелердің жабылғанын қалайды екен.
"Тәуелсіздік құндылықтарының іргесін шайқайтындай жағдай болып жатса, қазақ үшін, қазақ жері үшін, еліміз үшін кәлимамды айтып жан беруге дайынмын. Өйткені туып өскен елім – Қазақстан. Мені өсірген де, көтерген де қазақ. Еліміздегі әрбір этнос өкілі осы нәрсені мәңгілікке есінде сақтағаны абзал", – дейді депутат.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?