Қазақ бола алмай жүргенімізде, “найман” деп жаздырып киінгеніміз дұрыс емес - Шыңғыс Мұқан
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан елімізде ру атын киімге жаздырып киетіндерге қарсы шықты. Оның айтуынша, “қазақ” болып біріге алмай жүргенде, “найман” болып бөлінген дұрыс емес”. Ол мұндай пікірін BI Group холдингінің бас директоры Рахымбаевтың суретіне қатысты білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айдын Рахымбаев ұлымен бірге Америкаға барды. Ол жат елде "Найман" деген жазуы бар футболка киіп түскен суретін желіге жариялады. Оған шымкенттік шенеунік Шыңғыс Мұқан пікір білдірді.
“Қазақ бола алмай жүргенімізде, “найман” деп жаздырып алып киім киіп жүрген дұрыс емес. Әр адам өз руын жазып жүрсе не болады? Қазақтың басы енді қосылып жүргенде, мұндай қылық сепаратизмнен хабар береді. Ру деген үй ішінен шықпауға тиіс. Онда да құда боларда сұралатын элемент”, – деді Шыңғыс Мұқан.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар