Италиялық әйел-боксшы трансгендермен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты
Италиялық боксшы Анджела Карини алжирлік трансгендер Иман Хелифпен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: АР
Жекпе-жек тура 46 секундқа созылды. Басынан соққы өткізіп алған итальяндық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.
2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан дисквалификацияланған болатын. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға әйелдер боксынан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берді.
Дәл осы категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова бақ сынауда. Қазақстандық спортшы трансгендермен жекпе-жекке шығуы мүмкін.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

